02.11.2022

AMS agency ОАЖҚ мүшесі болды

AMS agency ОАЖҚ мүшесі болды

Орталық Азия жарнама қауымдастығының (ОАЖҚ) белсенді қатысушысы ретінде біз бейінді комиссиялардың жұмысына қосылуды, сондай-ақ Қазақстанның басты салалық іс-шараларына – RAF өңірлік жарнама форумына және ADTRIBUNE өңірлік конференциясына қатысуды жоспарлап отырмыз.

"Диджитал нарығы басқа байланыс арналарынан айтарлықтай ерекшеленеді және динамикалық дамып қана қоймайды, сонымен қатар әртүрлі жастағы аудиторияның пенетрациядағы шекараларын кеңейтеді. Диджитал клиент ақылды және талғампаз, сәйкесінше нарық та оның талаптарына сай болуы керек. Бірақ сапалы өзгерістерге жалғыз қол жеткізу қиын немесе мүмкін емес. Сондықтан нарық қатысушылары тиімділікті талдау мәселелерін де, баға белгілеу мәселелерін де бірдей көзқарас пен түсіну арқылы салауатты бәсекелестікке жол ашып, бір-бірін және тұтастай нарықты дамыту үшін жағдай жасауы керек. Әрине, біз осы процестердің белсенді қатысушылары болғымыз келеді және ОАЖҚ қатысушылары ретінде пікірлестерді тапқанымызға қуаныштымыз", – деп AMS Kazakhstan CEO Гүлфайрус Дүйсен Қауымдастыққа кіру жөніндегі пікірімен бөлісті.

Орталық Азия жарнама қауымдастығы (ОАЖҚ) – бұл жарнама саласында жұмыс істейтін заңды тұлғалардың ерікті бірлестігі. Қауымдастық өңірдегі жарнама индустриясын дамыту мақсатында жалпы кәсіби мүдделерді білдіру және қорғау үшін құрылған. 2022 жылдың басындағы жағдай бойынша ОАЖҚ 25 ұйымды біріктіреді – бұл ірі телеарналар, селлерлер және жарнама агенттіктері.

Tribune сайтында оқыңыз

Жіберу